Педагогтар бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» аударуға міндеттелмейді

«Қайырлы күн! Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, БҒМ-ге қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар. Дегенмен, мұндай мәселе туындап жатса, маған жаза аласыздар», – деп жазды ведомство өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
kyzylorda-news.kz