Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырды (ВИДЕО)

ІІМ тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырды (ВИДЕО)

Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру туралы үндеу жариялады.
Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан қылмыскерлер атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлады.



«Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», – дейді министрлік мамандары.
Ұрланған қару мен оқ-дәрілер заңсыз мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық (Қылмыстық кодекстің 287-бабы – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру) және әкімшілік (ӘҚБтК 482-бабы – 25 АЕК айыппұл) жауапкершілік көзделген.
«Жазатайым оқиғалардың және жарақаттың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдармен, оқ-дәрілермен қандай да бір әрекеттер жасамауды, оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы полицияға 102 немесе 112 телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

kyzylorda-news.kz​​​
19 қаңтар 2022 ж. 365 0