Халыққа қызмет: Жеке көмекші қызметі кімге тиесілі?

Қызмет ХҚО немесе egov.kz порталы арқылы тегін рәсімделеді.
Қызметті онлайн алу үшін:
- Порталға авторизация арқылы кіріңіз де, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» қызметін табыңыз;
- Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз және өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз;
- Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарлама жеке кабинетіңізге келеді.
Қызметті ХҚО-да алу үшін:
- Өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Мүгедектігі бар адамның атынан жүгінсеңіз сенімхат керек.
Екі жағдайда да қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні.
Клиентке жауап СМС-хабарлама арқылы жолданады.
kyzylorda-news.kz