Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…

Мен сізге есірткі жайлы айтқым келеді. Өкінішке орай бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында нашақорлық мәселесі артып келеді. Бұған себеп неде және кімді кінәлай аламыз? Себеп, бұндай жағдайда, біріншіден, көбіне жасөспірімдер ұрынатыны көбімізге мәлім жайт. Қазіргі заман жастары депрессия, стресске көп түсетін болған. Ал, депрессия көбінде үйіндегі ата-анасымен келіспеушілік, тұрмыстық жағдайға деген көзқарас тұрғысында орын алады.
Екіншіден, қызығушылық. Оң солын енді танып келе жатқан  жеткіншекке айнала тым бейтаныс. Сол затқа сілтеген адамның соңынан еріп кетуге бейім келеді.
Көп жағдайда адамдар жоғарыда айтып өткен мәселелерден, солардың қиындықтарынан арыламын деген оймен нашақорлыққа ұрынып жатады. «Ашқарақтың көзі тоймайды»,- дегендей, оған қалай тәуелді болып қалғанын өзі де сезбей қалады. Ақыр аяғында денсаулығына, өміріне үлкен зиян келеді. Есірткіні тұрақты тұтынатын адамның аузынан жағымсыз иіс, тістері сарғайған, көп мөлшерде шаштың түсуі, сарғылт тартқан тері, бетінен әжім байқалады.
Сонымен қатар есірткіге тәуелділік адамның психологиясына міндетті түрде әсер етеді. Осы бір зиянкес қаншама айрандай ұйып отырған отбасының шаңырағын ортасына түсірді. Әкенің балаға, баланың анаға деген жылуы жоғалды. Ішімдікке салынған әке, нашақор бала, тығырыққа тірелген ана, бейкүнә сәбилердің көз жасы – нашақорлықтың көрінісі.
Біз жастар, осы келеңсіздіктердің алдын алайық. Мына бескүндік жалғанда тек түзу жолмен жүруге ұмтылайық. Алла тағаланың бізге аманат қылып берген өміріне өз қолымызбен қиянат жасамайық. Адам өз өмірін жақсы жаққа ауыстырамын десе қас қағым. Бәрі өз қолыңда. Өмірді сүре білген адамға – өмір ғажайып.
Менің осы қысқаша үндеуімді оқып отырған жамағат кішкене болса да ой түйеді деген ойдамын. Сондықтан жастар, ойланайық. Болашақ біздің қолымызда! Тәуелсіз Қазақтанымыздың әлеуетін өркендетейік! Есірткі сынды зиянды дүниелерден барынша алшақ болайық!
Берейік біз есірткіге тойтарыс,                     Салауатты салтын сақтап,
Сонда ғана боласың одан алыс.                   Алға қадам басайық.
Салауатты өмірдің заңын сақтап,                Ата-ана үмітін ақтап,
Елден жырақ қалмайсың бірақ қалыс.         Игі істер жасайық.
Гүлсезім Жаңалықова,
№59 орта мектеп 10 «б» сынып оқушысы
#есірткігеқарсы #противнаркотиков
28 қаңтар 2022 ж. 948 0