Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі туралы айтып беремін: «Есірткі – адамның қасы, аурудың басы»

Мен саған есірткі туралы айтып беремін: «Есірткі – адамның қасы, аурудың басы»

Қоғам дамып келеді. Жаңашылдық пен өзгеріс әлемді өзгертті. Ілгері дамыды. Бәрін көріп, біліп келеміз. Бірақ қазіргі уақытта айықпас кеселге айналған нашақорлық бүгінгі таңға дейін жойылмай келеді.
"Жаманды атама, жақындай түседі" дейді қазақта. Бірақ кесірі көп дүниенің зиянын айтып, өзгеге сабақ еткен де артық болмас. Ендеше біле жүріңіздер.
Есірткінің екінші атауы – естен айырылу. 1961 жылы есірткі әлемге таныла білді. Бұл зат екі жағдайда қолданылады. Бірі – медицина саласында болса, бірі – адамдар өздерінің тәуелділігімен құмарларын басу үшін қолданып келеді.
Ең алғаш медицина саласында есірткіні күрделі ауруларды уақытша басу үшін аз мөлшерде пайдаланды. Бірақ адамдар қауымы ауруын баса алмағандықтан, сырқаты шыдатпай, жанына тиген сәтте есірткіні көп мөлшерде қолдана бастады. Мұның соңы есірткіге тәуелділікті үдете түсті. Өкініштісі мұндай адамдар саны арта бастады.
Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Ал осындай асыл қазынаны қолмен құрта салуға болмайды. Барынша шылым, есірткі және алкогольды сусындардан алыс болу қажет. Мұны білу жастар үшін де қажетті-ақ.
Өйткені болашақ біздің – жастардың қолында. Болашағымыз айқын, жарқын, ашық болу үшін, біз салауатты өмір салтын ұстануымыз керек. Ол үшін біз таза, адал, ақиқатты қолдайтын патриот болуымыз керек. Сан ғасырдан бері  «ғасыр індеті» болып келе жатқан нашақорлықпен күресу – өз қолымызда және басты міндетіміз.

Ақманат Қайратқызы,
№2 Облыстық  дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының
9 «Ә» сынып оқушысы
#Есіркігеқарсы
#Противонаркотиков
27 қаңтар 2022 ж. 1 430 0