Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Бүгінгі таңда есірткіні сатып, оңай олжаға кенеліп жатқандар да бар. Бұл – харам іс. Адал жолмен табыс табуға жатпайды. Бұл затты сату арқылы адамдардың санасын улап қана қоймай, өзі де күнәға батады.
Бүгінгі жастар – келешек заманның бетке ұстары. Еліміз де, өзіміз де ешкімнің тапталуында қалмай, басымызды тік көтеретіндей болып өмір сүруіміз керек. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Сондықтан есірткіні бұрын осындай адам пайдаланды деп аттары тайға таңба басқандай шығып тұрса, бұл ұрпағының беделіне нұқсан келтіреді. Әрбір адам өзінің жеке басына ешқандай жаман нәрселерді жолатпаса, келешек қазағымның өркендеуіне себепкер болар еді.
#УПНДПКЗО
Орнай Нұғыманова,
№87 орта мектебінің 9 "б" сынып оқушысы,
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті