Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткі – қауіпті кесел

Есірткі – қауіпті кесел

Есірткі – бұл қоғамның ең түйткілді мәселесі. Қазіргі заман жастарының есірткіге тәуелді болуы, яғни ауру түрінің бірі деп санасақ та болады. Біздің заманымыздан 3 мың жылдай бұрын Қытай императоры, емші Шэнь-нунь көптеген дерттердің емі ретінде ойлап тапқан есірткіге тәуелділік бүгінгі таңда белең алып келеді.
Сондықтан ұрпақ қамын ойлаған әрбір азамат есірткіге қарсы қолдан келген барлық шараларды жасауы қажет. Өйткені статистика бойынша мектеп оқушылары бұл қауіпті дертке көбірек шалдығады екен. Оны пайдаланған адам есінен айырылып, не істеп, не қойғанын білмейді. Әсерінен халық арасында нашақорлық, зорлық-зомбылық, өз-өзіне қол жұмсау сияқты әрекеттерге барады. Біздің елімізде де есірткі пайдаланатын адамдар қатары аз емес. Үлкен қалаларда, облыстарда бұл жиі кездеседі.
Бүгінгі таңда есірткіні сатып, оңай олжаға кенеліп жатқандар да бар. Бұл – харам іс. Адал жолмен табыс табуға жатпайды. Бұл затты сату арқылы адам­ дардың санасын улап қана қоймай, өзі де күнәға батады.
Бүгінгі жастар – келешек заманның бетке ұстары. Еліміз де, өзіміз де ешкімнің тапталуында қалмай, басымызды тік көтеретіндей болып өмір сүруіміз керек. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Сондықтан есірткіні бұрын осындай адам пайдаланды деп аттары тайға таңба басқандай шығып тұрса, бұл ұрпағының беделіне нұқсан келтіреді. Әрбір адам өзінің жеке басына ешқандай жаман нәрселерді жолатпаса, келешек қаза­ ғымның өркендеуіне себепкер болар еді.
Орнай Нұғыманова,
№87 орта мектебінің оқушысы
Сексеуіл кенті
17 қаңтар 2021 ж. 2 883 0