Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Есірткі бұрынғы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Оны Геродот жазбаларынан-ақ байқауға болады. Бастапқыда есірткі медициналық мақсаттарға пайдаланылды. Біздің дәуірге дейін бес мың жыл бұрын шумерлік өркениетте дамыған. Есірткіні алғашында «GIL» деп атаған, бұл шумерлік аудармада «қуаныш» дегенді білдіреді. Есірткінің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды. Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. Есірткімен күрес әлі де жалғасуда. Есіпткі сатумен айналысу немесе оны пайдалану – нағыз қылмыс.
Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Адам денсаулығына қауіп төндіретін осы есірткіге тәуелділік, ішімдік ішу, темекі тарту, тағы да басқа зиянды әрекеттерге жатады. Есірткі – денсаулықтың қас жауы. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен улы зат болса да, әлі де тыйылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес, ересек кісілер де өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Денсаулығың да бұрынғыдай болмайды. Біреулер ермекке дәмін көрмек болып таблетка немесе ұнтақ қабылдаса, енді біреулер аңдаусызда есірткінің құрған торына түсіп жатады. Ал одан кейінгі өмір бәрімізге мәлім болар. Ең алдымен өзіңді жоғалтасың, өмірге деген құштарлық, болашаққа деген сенім, жүздегі әсем күлкі және отбасыңның саған деген сенімін, үмітін жоғалтасың. Өмірің мүлде басқа арнаға бұрылады. Сені жолдан тайдыру үшін кейбіреулер сені алдап, есірткіні ұсынады. Ал сен сол кезде не істеуің керек, әлде, не деуің керек? Әрине, жоқ. Ал екіншіден, салауатты өмір салтын ұстана біл. Өзіңді таза, мықты, ақылды, қайратты адам етіп тәрбиелеп шыға біл. Өз денсаулығыңды ойлай біл. Достарыңмен бірге спортпен айналыс. Ойна, күл, уақытыңды көңілді өткіз. Ең бастысы, өмірге сенімді көзбен қара. Ал осылай өзіне сенімді адамдар көбейіп, есірткі өмірден жойылса, онда бұл өмірдің өзі ертегі. Бұл арқылы сен қоғамдағы есірткіге қарсы күреске үлкен үлесіңді қосасың. Есірткісіз, салауатты өмір салтын ұстанған жан өмірдің бар бақытын сезініп, қоғамда да беделді орын алады.
Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымызды биікке көтерудің басты құралы екендігін мойындап, өздігімізден білім алу арқылы сананы соған бағыттап отыруымыз қажет. Себебі мемлекетіміздің күш-қуатының артып, халқымыздың әл-қуатының жақсаруы үшін оған дені сау, білімді, мәдениетті ұрпақ керек. Жер бетіндегі ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі қай халықтың болса да болашағы дәл бүгінгі таңдағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты, себебі ұрпақ жалғастығы тек дені сау ұрпақтарда ғана болмақ.
#УПНДПКЗО
Диляра Оразбаева,
№87 орта мектебінің 9 "б" сынып оқушысы,
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті