Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Қазіргі кезде біздің болашағымыздың ең басты кедергісі – нашақорлық. Нашақорлыққа тәуелді адамдардың көбісі – жасөспірімдер. Негізінен,  есірткі көне заманнан пайда болған. Ол кезде адамдар оны емдік қасиеті үшін аз мөлшерде ғана қолданған. Яғни ауруды сездірмеу үшін. Бірақ қазір нашақорлықтан кей адамдар қылмыстық іске баруы мүмкін, яғни жезөкшелік, адам  өлтіру, зорлық-зомбылық, құмарлық, т.б.
Қазіргі заманда есірткіні елдің түкпір-түкпірінде қолданады. Менің ойымша, бұл есірткіні қолданғандарға қатаң жаза қою қажет. Кей елдерде есірткіні қолданып, сатып, таратумен айналысатындарға өмір бойына бас бостандығынан айырған. Оқу орындарында оқитын немесе кәмелетке толмаған балдардың есірткіні таратқаны үшін 15 және 20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айырады. Өкінішке орай, бұл уды, яғни есірткіні, Қазақстанда қолданушылар көбейді. Әлемді жаулап алған нашақорлық «жұқпалы ауруға» айналды.
Мектебімізде нашақорлыққа байланысты түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаты жүргізіліп отырады. Мектептің психологтары оқушылардан  нашақорлыққа байланысты сауалнама, тест алады. Осы іс-шаралар арқылы оқушыларды есірткіден, темекі, түрлі зиянды заттардан аулақ қылуға көмектеседі. Егер жасөспірімдердің барлығы спортпен айналысса, есірткі деген зат жойылады деп ойлаймын. Себебі спортты сүйіп шұғылданатындар үшін ішімдік, есірткі, темекі деген зиянды нәрселер жау болып есептеледі.
Айтып-айтпай не керек, осы күннің өзінде есірткінің көптеген түрлері Қазақстанда толассыз таралып келеді. Мысалы, гашиш, анаша, каннибас, опиын, кокаин, героин, марихуана, токсикомания, синтетикалық есірткілер, т.б. Осы есірткілерді қолданатын жасөспірімдер түрлі дертке шалдығатыны сөзсіз. Өз-өзіне қастық ойлаған есірткіге құмар адамдар қаншама. Олардың дұрыс жолды таңдап, жаман әдеттен бойын аулақ ұстауын қатты қалаймын. Өйткені мен үшін елімнің әрбір азаматы – қымбат. Мен жаспын және мен осындай дұрыс емес жолда адасқан жандарға қатты жаным ашиды. Елімнің жарқын болашағы – ең бірінші байлық. 
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Адамдардың денсаулығы – ел дамуының аса маңыздысы, болашағымыздың кепілі»  – деген сөзін қазіргі дамыған балалар, студенттер  сараптай білсе, біздің келешегіміз жарқын, ешқандай есірткісіз өтер еді! Өзімізді зиянды  нәрселерден аулақ ұстап, бақытты өмір салтын ұстанайық! Денсаулық – ең басты байлық. Салауатты өмір салтын ұстанып, қоршаған ортаны аялай білейік. Санамызды әрқашан таза ұстап, зиянды әдеттерден аулақ болайық!
Мерей АТАБЕК,
«№220 орта мектебі» КММ-нің 7 сынып оқушысы
#есірткігеқарсы #противнаркотиков
28 қаңтар 2022 ж. 1 554 0