Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ал батыс, солтүстік-батыс, шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман болжанады.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, Атырау облысының батысында және солтүстігі мен орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, түнде Павлодар облысының оңтүстік-шығысында және шығысында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. 15-20 м/с күшпен жел тұрады, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, солтүстік-шығысында 17-22 м/с жел тұрады.
Жамбыл облысының солтүстік-батысында және таулы аудандарында көктайғақ, солтүстігінде таулы және тау бөктерлі аумақтарында тұман, солтүстік-шығысында 15-20 м/с жел күтіледі.

kyzylorda-news.kz
03 ақпан 2022 ж. 363 0