Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» »   Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен

  Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен

Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толып отыр. 20 қыркүйек күні Қордың барлық филиалдарында осы айтулы датаға арналған халықпен дәстүрлі кездесу  - Ашық есік күні өтеді. Еліміздің зейнетақы жүйесінің жұмысы туралы кеңірек білу үшін біз «БЖЗҚ» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры Құрманғали Арнұр Дәденұлыны әңгімеге тарттық.
Арнұр Дәденұлы, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшелігі неде және бұл жүйеге көшуіміздің себебі қандай?   
Кеңес Одағының кезінде ортақ зейнетақы жүйесі жұмыс істеді. Оның мәнісі – экономикалық белсенді тұрғындардың қарттардың алдындағы жауапкершілігіне құрылған.Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұл зейнетақы жүйесін бұрынғы кеңестік жүйеге кірген барлық мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да мұраға алды. Бірақ оның бірнеше кемшіліктері болды. Біріншіден, тәуелсіз Қазақстанда туу көрсеткіші азайып, қарттардың саны өсті. Бұл өз кезегінде зейнеткерлер мен жұмыс істейтіндердің пропорционалды ара қатынасын бұзды. Екіншіден, елде жұмыссыздық көбейді. Үшіншіден, жұмыс істейтіндердің табысы мен зейнетақы көлемі арасындағы байланыс әлсіреп кетті. Яғни, табысы бірдей немесе әртүрлі азаматтардың  бірдей зейнетақы алуы мүмкін еді. Әрі азаматтардың жеке зейнетақы шоты жоқ болғандықтан, олардың зейнетақы жинақтарын нақты есептеу мүмкін болмады. Бұл азаматтардың өздерінің болашағына керекті зейнетақы жинауға ынталандырмайтын.
Сондықтан, 1998 жылы зейнетақы реформасының басты мақсаты – азаматтардың болашақ зейнетақысына қатысты жауапкершілігіне негізделген әділетті зейнетақы жүйесін қалыптастыру болатын. Жаңа жүйеге негіз ретінде 80-жылдары  әлем бойынша озық болып танылған Чили үлгісі алынды. Қазақстан оның басты қағидаты  - зейнетақы жарналарының міндетті сипатын қабылдады.
 2013 жылы барлық жеке қорлар жабылып, жалғыз мемлекеттік қор қалды. Мұның себебі неде? Олар өз жұмысын ақтамады ма?
Зейнетақы нарығындағы бәсекелестік алғашында  жақсы нәтиже бергенімен,  уақыт өте жеке қорлардың әлсіз тұстары біліне бастады. Кейде қорлар бәсекелестік жағдайында жаңа салымшылардың орнына бір-бірінің салымшыларын тартып алып отырды. Ол аздай көптеп табыс табу үшін күмәнді құралдарға инвестиция салып, табыс табудың орнына шығынға батқан жағдайлар да болды.
Азаматтардың жинақтарын басқару қауіпсіз әрі тиімді болу үшін 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы құрылды. БЖЗҚ-ға жүктелген негізгі міндеттер – салымшылардың зейнетақы шоттарының есебін дұрыс жүргізу, олардың жай-күйін бақылау, салымшылардың  деректемелеріне тиісті өзгерістер енгізіп отыру, ақпараттық –түсіндірмелік жұмыс жүргізу, зейнетақы төлемдерін жасау ретінде көрініс тапты.
БЖЗҚ-ның құрылуы қандай өзгерістер әкелді?   
БЖЗҚ-ның құрылуы және зейнетақы активтерінің біріктірілуі нарықты өзгерткенімен, зейнетақы   жүйесінің құрылымын өзгерткен жоқ. Қазақстанда көп деңгейлі жүйе мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жеке шоттардың жүргізілуі, жинақтардың жекеменшігі және олардың мұраға қалдырылуы, зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік сынды негізгі параметрлері бұрынғыша қалды.  Жиынтық зейнетақы да бұрынғыша екі көзден -  мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинағы есебінен қаржыландырылады.
БЖЗҚ-ның құрылуы салымдарды есептеу мен сақтауға кететін операциялық шығындар мен әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.  Тиісінше, комиссиялық шығындар жеке қорлардыкімен салыстырғанда екі есе азайды. Сонымен қатар, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды жою, жаңа электрондық қызметтер енгізу, олардың үлесін арттырудың арқасында комиссиялық сыйақылар тағы да төмендеді.  Тағы бір маңызды жәйт – мүдделес тұлғалармен келісім-шарт жасау мүмкіндігіне тосқауыл қойылды. Салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуы доғарылды. Осылайша жүйенің тағы бір осал тұсы жойылды. Бірыңғай базаның арқасында қате техникалық шоттар барынша азайтылды. Мұның бәрі зейнетақы жүйесін нығайтуға мүмкіндік берді.
Жинақтаушызейнетақы жүйесіне толығымен өтуіміз мүмкін бе?
Көп деңгейлі зейнетақы жүйесі ойдағыдай жұмыс істеп келеді және бұл жүйені таңдауымыздың дұрыс екендігін уақыт дәлелдеп берді. Сондықтан жүйенің диверсификация қағидатын сақтауымыз қажет.
2040 жылдары зейнетке 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар шыға бастайды. Яғни, ортақ компонент толығымен жойылып, оның орнын жинақтаушы жүйе басады. Сондықтан БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына жүйелі түрде зейнетақы жарналарын аударып, жұмыс берушінің өз міндетін адал атқарып жүргенін тексеріптұрған  жөн.  Сонымен қатар,  ерікті зейнетақы жарналарын барынша көбірек аудару керек.
Сонда мемлекет азаматтарды зейнетақымен қамту жұмысына араласпады ма?
Көп деңгейлі жүйе мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскердің ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет қазақстандықтарды, азаматтығы жоқ тұлғаларды, елімізде тұратын шетелдіктерді зейнетақымен қамсыздандыру туралы міндеттемесінен бас тартпайды. Керісінше, биылдан бастап базалық зейнетақы жүйесі әлеуметтік әділеттілік қағидатына сай, халықты зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін одан әрі жетілдірілді. Он жылдан кем жарна төлегендерге төменгі өмір сүру шегінің 54 пайызы төленіп, әрбір қосымша жыл үшін 2 пайыз қосылады. Егер азамат 20 жыл жұмыс істесе, төменгі өмір сүру шегінің 74 пайызын, 33 жылдан жоғары – 100 пайыз мөлшерінде  базалық зейнетақы белгіленеді.
Әңгімеңізге рахмет!

20 сентября во всех региональных филиалах АО «ЕНПФ» проводит традиционные встречи с населением – День открытых дверей . На этот раз мероприятие будет приурочено к двадцатилетию накопительной пенсионной системе Республики Казахстан. Чтобы лучше узнать об особенностях этой системы мы решили побеседовать с директором Кызылординского областного филиала Құрманғали Арнұр Дәденұлы.
Арнур Даденович, расскажите, пожалуйста, в чем особенность накопительной системы и чем была вызвана необходимость перехода именно на такую модель?
В Советском союзе действовала солидарная пенсионная система, при которой пенсии выплачивались из отчислений работающих соотечественников. После распада Союза солидарную пенсионную систему унаследовали страны постсоветского пространства, в том числе и Казахстан. Но наследие имело ряд ощутимых недостатков. Во-первых, в независимом Казахстане наблюдалось сокращение рождаемости, при увеличении числа пожилых, что привело к непропорциональному соотношению между количеством работающих и пенсионерами. Во-вторых, в стране увеличивалась скрытая и явная безработица. Третий недостаток заключался в слабой связи между доходами работающих и размером выплачиваемой пенсии. Это не исключало вероятность, что люди с одинаковыми доходами получали бы разную пенсию, а граждане с сильно отличающимися доходами, получали бы пенсию одинакового размера. Также отсутствовал персонифицированный учет, что приводило к отсутствию индивидуальной заинтересованности в обеспечении старости.
Поэтому и главная цель пенсионной реформы 1998 года заключалась в создании справедливой пенсионной системы, основной принцип которой заключался в ответственности граждан за дальнейшую судьбу будущей пенсии. За основу была взята чилийская модель, которая в 80-х годах была признана одной из лучших в мире. Казахстан перенял ее главный принцип – обязательные ежемесячные пенсионные взносы работников в накопительный пенсионный фонд в размере, установленном как процент от дохода, аккумулируемых на индивидуальных пенсионных счетах с капитализируемым инвестиционным доходом. 
Как известно, в 2013 году все частные фонды были закрыты. С чем это было связано? Они не оправдали свое существование?
Конкуренция на пенсионном рынке Казахстана сначала давала вполне положительный эффект, но со временем начали проявляться слабые места частных фондов. Периодически проявлялась «нездоровая конкуренция», когда фонды не вовлекали в накопительную пенсионную систему новых людей, а переманивали клиентов друг у друга. Зачастую в погоне за большой прибылью они вкладывались в рисковые инструменты и вместо прибыли оказывались в убытке, соответственно, свои деньги теряли вкладчики — обычные граждане.
Чтобы управление накоплениями граждан было более эффективным и безопасным, в 2013 года на базе ГНПФ был создан Единый накопительный пенсионный фонд. Основными задачами и целями создания ЕНПФ являются надлежащий учет пенсионных счетов вкладчиков, контроль их состояния, внесение своевременных изменений, связанных с естественным движением средств и проведение информационно-разъяснительной работы, а также осуществление выплат пенсионных накоплений.
Какие изменения принесло создание ЕНПФ пенсионной системе?
Создание и объединение пенсионных активов в ЕНПФ преобразовало рынок, но не повлияло на систему пенсионного обеспечения. В Казахстане сохраняется многоуровневая система и основные параметры накопительной пенсионной системы: персонификация счетов, собственность накоплений и их наследование, а также государственная гарантия сохранности пенсионных взносов. Пенсия также складывается за счет выплат из двух источников: из государственного бюджета в виде базовой и солидарной пенсий, и из ЕНПФ за счет имеющихся накоплений.
Создание ЕНПФ позволило сократить операционные расходы, связанные с учетом и хранением пенсионных активов, и административные расходы. Соответственно, уровень комиссионных вознаграждений сразу был снижен вдвое по сравнению с комиссиями, взимаемыми частными фондами. Более того, в результате проведенной работы по оптимизации бизнес-процессов, сокращению неэффективных расходов, внедрению новых электронных услуг и увеличению их доли в общем объеме оказанных услуг стало возможным дальнейшее снижение комиссионного вознаграждения. Также устранен риск совершения заведомо убыточных сделок с аффилированными лицами. Прекратилась злокачественная миграция вкладчиков из одного фонда в другой, что способствовало снижению общей эффективности системы. Кроме того, благодаря единой базе вкладчиков (получателей) появилась возможность  сократить количество ошибочных технических счетов и проводить точные актуарные расчеты. Все это положительно сказалось на пенсионной системе страны.
Планируется ли перейти полностью на накопительную пенсионную систему?
Многоуровневая модель пенсионной системы успешно функционирует, и уже подтвердила верность сделанного выбора. Поэтому важно сохранить имеющиеся принципы диверсификации пенсионного обеспечения.
В 2040-х на пенсию начнут выходить люди, не имеющие стажа до 1998 года, следовательно, солидарный компонент полностью исчезнет, однако планируется, что ему на смену придет накопительный. Поэтому важно сейчас осуществлять обязательные пенсионные взносы на индивидуальный пенсионный счет в ЕНПФ своевременно и регулярно, периодически контролировать, делает ли работодатель отчисления по обязательным пенсионным взносам, сверяя данные полученные от него с выпиской со счета, при возможности – осуществлять добровольные пенсионные взносы.
Означает ли это, что государство снимет с себя полностью пенсионные обязательства?
Главный принцип многоуровней пенсионной системы – равное участие государства, граждан и работодателей в пенсионном обеспечении граждан. Государство не снимает с себя обязательство о пенсионном обеспечении всех граждан, иностранцев, а также лиц без гражданства, проживающих на территории Казахстана. Напротив, с этого года базовая пенсионная система была усовершенствована согласно принципам социальной справедливости и для стимулирования граждан к участи в пенсионной системе. Если раньше она назначалась всем одинаково, то теперь его размер будет зависеть от трудового стажа и стажа участия в накопительной системе, а также от    прожиточного минимума, установленного на соответствующий финансовый год.   Уплачивая пенсионный взнос 10 и менее лет, можно рассчитыватьна 54%, за каждый последующий год добавляется 2%. Если человек проработал 20 лет, начисляется пенсия в размере 74%, если 33 или больше лет — один прожиточный минимум (28 284 тенге). 
Спасибо за беседу. Желаем профессиональных успехов.
18 қыркүйек 2018 ж. 813 0