Шабыт деген не?
Шабытты әркім әрқалай бағалап, әрқалай түсінік беріп жатады. «Адамдармен интенсивті қарым-қатынас жасағысы және белсенді жұмыс істегісі келуімен, сергек күймен ілесіп жүретін көтеріңкі көңіл күй» деген де түсініктеме бар. Ал танымал тұлғалар не дейді?
***
• Көз көрсе – шабыт келер.
М. Қашқари
• Шабыт! Ол адамның дарынына, еңбегіне қанат беретін ұлы күш!
І. Есенберлин
• Шын оқымыстыны шабыттандыратын атақ та, бақ та емес. Адамға күш, қуаныш, шабыт беретін қашан да болса жеңіс пен табыс қой.
І. Есенберлин
• Арманға жету тілегі адамды әрқашан да шабыттандырады.
І. Есенберлин
• Шабыт тек іздеген адамға кезігетін қонақ... Жалқау адамға шабыт жуымайды.
Петр Илич Чайковский
• Шабыт – жалқаулардың үйіне бас сұқпайтын тәкаппар ару.
Петр Илич Чайковский
• Шабытты сақтау керек. Ол – шығармашылықтың нақты құралы, сүйіспеншіліктің дәнекері, ұзақ өмірдің арқауы.
А. Богомолец
• Шабыттың өздігінен келіп, тербелтіп оятуы қажет емес, тіпті жақсы, келмейді екен – бәрібір жұмыс істей беріңіз.
И.С. Тургенев
• Шабыт дегеніміз – ғаламат көрінген істің оп-оңай орындалуы. Ондайда сызу да, жазу да, ою да, әлденені жасай салу да – әсерлі, әдемі.
Я. Корчак
• Шабытты қозғаушы күш деп есептеу менімше қате. Мүмкін, шабыт жақсы жұмыстың барысында оның нәтижесі ретінде пайда болар.
М. Горький
massaget.kz