Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әнім – Аманөткелім

Әнім – Аманөткелім

Айкөргенқызы Гүлжазира Арал ауданы, Аманөткел  елді мекенінде туған. Ол 2001 жылы №73 мектепті бітірген. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Дана халқымыз «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары»  деп бекер айтпаған ғой. Тәуелсіздік жылдарында қандастарымыздың ата жұртқа қайта оралып, туған жерге ту тігуі елге, жерге деген зор махаббаттың белгісі. Әр жердің киесі бар, өзінің тұрып жатқан халқына берілетін қасиеті бар. Сыр өңірінің  бойын жайлаған халықтар арасында ежелден ән–жыр сарқылған емес. Халық арасында Сырдың сүлейлері деп аталуы да осы өңірден ақын–жыраулардың көптеп шыққандығынан болса керек. Аманөткел елді мекені биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткелі жатыр. Әрбір адамның бойында қайда жүрсе де жүрегінің түбінде туған жерге деген құрмет сақталады. Осындай қасиетті елден шыққан Гүлжазираның туған ауылына деген сағынышынан шыққан жыр жолдарын назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

ӘнімАманөткелім!
Кең даламда жазиралы мекенім,
Қоныс тепкен ортасында көлдердің.
Сырдария жағасында құрақты,
Толқын тепкен теңіз жағалы мекенім.
 
Қайырмасы:
Аманөткел елі – қайсар ұлдардың,
Аманөткел жері – жыршы қыздардың.
Аманөткел – топырағы киелі,
Жыршы менен Сырдың нағыз мекені!
 
Қамысты көлің ши өскен жаға,
Байлығың –  балық Аманөткелім.
Айдынды теңіз шабыт берген толқыны,
Шағалаң ұшқан шалқар теңіз,
Шабыт берген ән – Аманөткелім!
 
Батамен көгерген Ерлердің мекені,
Бірлігі жарасқан рулас бабалар елі – мекені.
Кіші жүз рухты жауынгер мекені!
12 қазан 2021 ж. 921 0