Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қаруды сақтау талаптарын бұзған тұрғындар анықталды

Қызылордада қаруды сақтау талаптарын бұзған тұрғындар анықталды

Қызылорда облысында қаруды сақтау талартарын бұзған тұрғындар анықталды.
«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен қызмет атқару барысында 46 жастағы ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуде жоқ, 12-калибрлі, 1 ұңғылы, нөмірі өшірілген аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.
Осы тектес дерек Шиелі ауданында да орын алды. Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкері 42 жастағы аудан тұрғынының үйінде ІІО-да тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, қос ұңғылыаңшы мылтығын заңсыз сақтағанын анықтаған.
Анықталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданады.

kyzylorda-news.kz
07 ақпан 2022 ж. 646 0