Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көкнәр мен қарасора өсірілген жылыжай анықталды

Қызылордада көкнәр мен қарасора өсірілген жылыжай анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4 ақпанда Қызылордада көкнәр мен қарасора өсірілген жылыжайды тапты. Аталмыш іске қатысы бар деген күдікпен Қызылорда қаласының 3 азаматы ұсталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Процессуалды шаралар нәтижесінде 24 түп апиын көкнәрі мен 2 түп қарасора тәркіленді. Олар гидропоника әдісімен өсірілген. Сонымен қатар 2 келі кептірілген марихуана табылды", –  делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында. 
2022 жылдың 8 ақпанында Қарағанды облысында есірткі сатумен шұғылданған үш азамат тұтқындалған. Олардың екеуі Саран қаласының азаматтары. 
"Есірткі заттары Қазақстанның оңтүстік аймақтарында өсіріліп, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау мен Сарань қалаларында сатылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6 келі гашиш пен 52 келі марихуана заңсыз айналымға жіберілмеді", –  деп қосты ҰҚК баспасөз қызметіндегілер. 
Қазір іс сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді.
17 ақпан 2022 ж. 432 0