“Қарасора-2020”: Қызылордада 1 айда 41 есірткі қылмысы анықталды
Қызылорда облысы көлемінде «Қарасора-2020″ жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы айында 41 есірткі қылмысы тіркелді.
Оның ішінде есірткі өсірудің 37 дерегі және есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың төрт дерегі анықталды.
kyzylorda-news.kz«Есірткі өсіргені үшін барлығы 32 адам ұсталса, оның 12-і қамаққа алынды. Оқиға орнынан 15 мың 275 түп сора өсімдігі жойылды. Заңсыз айналымнан 21 келі 378 грамм марихуана және 2 дана атыс қаруы тәркіленді», – дейді департамент бастығының орынбасары Серік Шалқаров.