Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Татуластыру рәсімдерін қолданудағы белсенді жұмыстар

Татуластыру рәсімдерін қолданудағы белсенді жұмыстар

Арал аудандық сотында бір жұмыс күнінің ішінде қарыз ақша өндіру туралы үш талап қою, тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелді.

Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, заңнамадағы дауды сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі «сотқа дейінгі хаттама» жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.

Нәтижесінде тараптар, дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісімдер жасасқан. Келісімдерге сәйкес, талап қоюшылар жауапкерлердің материалдық жағдайын ескере отырып, берешек қарыздарын бөліп төлеулеріне мүмкіндік берген.

Сот ұйғарымдарымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, іс жүргізулер тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
18 ақпан 2022 ж. 481 0