Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласқан

Сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласқан

Арал аудандық сотында некені бұзу, ортақ мүлікті бөлу туралы екі талап тараптардың татуласуымен реттелді.

Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.

Нәтижесінде тараптар, дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан.

Келісімде тараптар, ерлі-зайыпты ретінде өмір сүруді әрі қарай жалғастыруды қалайтындарын көрсеткен.

Сот ұйғарымдарымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыларға қайтарылған.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
07 ақпан 2022 ж. 410 0