Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация ерлі-зайыптыларды татуластырды

Медиация ерлі-зайыптыларды татуластырды

Арал аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның Д-мен арасындағы некені бұзу туралы талабы тараптардың татуласуымен реттелді.
Талап мәні бойынша, жұбайлар жиырма жылдан астам уақыт некеде тұрып, ортақ некеден бес балалы болған. Талап қоюшы келешек отбасылық қарым-қатынасты сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, араларындағы некені бұзуды сұраған.

Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, оларды бітімге шақырып, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.

Нәтижесінде тараптар, дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, отбасылық қарым-қатынасты сақтап қалу жөнінде медиативтік келісім жасасқан.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Осылайша, 22 жыл бірге тұрған жұбайлардың қол жеткізген медиативтік келісімдері, отбасы құндылығын сақтап қалды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
15 ақпан 2022 ж. 548 0