Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 6 міндет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 6 міндет

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шара жоспарында 6 міндет қаралған:
1-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, яғни құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру, бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу.
2-міндет. Сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін болдырмау, яғни бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін және сатып алуда сыбайлас жемқорлықты азайту, бюджеттік қолдаудың тиімділігін арттыру, мемлекеттің экономикаға үлесін азайту, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын анықтау және жою құралдарын жетілдіру.
3-міндет. Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру.
4-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту, яғни халықтың пікірін есепке алу, қоғамдық бақылау институтын дамыту, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту.
5-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету.
6-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру.
Әр адам сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік таныта білсе, яғни қоғам мен мемлекеттің күш-жігері бірігетін болса, осы жоғарыда көрсетілген 6 міндеттің орындалуы іске асады, яғни Қазақстан Республикасы Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жүзеге асатын болады. Сондықтан қоғам болып осы міндеттердің орындалуына атсалысуымыз қажет.
Раш Сералиева,
Арал аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары
19 ақпан 2022 ж. 2 168 0