Ғалымдар жылдам ұйықтаудың ерекше әдісін атады
Сеул ұлттық университетінің ғалымдары жылдам ұйықтаудың ерекше жолын тапты. Олардың сөздерінше, шұлық кию дене температурасын төмендетіп, жылдам ұйықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі Express басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдар шұлықтың дисталды тамырды кеңейтіп, табанға қан баруын қамтамасыз ететінін айтады. Мұның салдарынан адамда дене температурасы төмендейді. Зерттеушілер ұйқы сапасын тексеру үшін 6 ер адамды шақырған. Олар алдымен шұлықсыз, кейін шұлықпен ұйықтаған.
Тәжірибе қатысушылары 23 градус температурада ұйықтаған. Нәтижесінде ер адамдар жалаң аяқ ұйықтағанмен салыстырғанда шұлықпен 7,5 минутқа жылдам ұйықтайтыны және түнде 7,5 есеге сирек оянғаны анықталды. Жалпы ұйқы уақыты 32 минутқа ұзақ, ал тиімділігі 7,6 пайызға жоғары болған.
Зерттеуден кейін ғалымдар аяқ температурасына әсер ету арқылы ұйқы сапасын арттыруға болады деген қорытынды жасады. Дегенмен Sleep Foundation ұйымы мұндай әдістің қарт адамдарға жарамауы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар қан айналымымен мәселесі бар адамдарға да ұйықтар кезде шұлық кимеуге кеңес беріледі.