Дәрігер иммунитетті көтеретін диета түрін атады
Иммунитетті арттыру және ауруға шалдығу қаупін азайту үшін диетаға "Жерорта теңізі диетасының" элементтерін қосқан пайдалы, дейді диетолог Наталья Круглова. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Мұндай диета ең алдымен өсімдік тағамдарынан тұрады. Сосын ақуыздың негізгі көзі – балық, теңіз өнімдері және майсыз құс еті денсаулыққа өте пайдалы", - дейді маман.
Оның айтуынша, теңіз өнімдерінде адам ағзасынан қажетті дәрумендер көп.
"Өсімдік өнімдері аскорбин қышқылына, антиоксиданттарға, мырышқа бай. Бұл элементтер иммундық жүйені күшейтеді. Ал балық пен теңіз өнімдері Омега-3-тің таптырмас көзі болып табылады", - деп атап өтті Круглова.
Мұның бәрі жұқпалы аурулар кезеңінде жүйелі қабынуды азайту үшін өте маңызды.
Айта кетейік, бұған дейін мамандар дәрумендерді қалай дұрыс қабылдау керек екенін айтқан болатын.
Дәрігер құрамында бір ғана дәрумен бар препараттарға аса сақтықпен қарау керек екенін ескертті. Мұндай дәрумен қарсы көрсеткіштерге ие болуы мүмкін. Сонддықтан оны дәрігердің нұсқауы бойынша ғана қабылдау керек.
"Дәрігер нақты дәрумендердің шынымен қажет екенін көрсететін қан анализін тағайындайды. Дұрыс емес дозалар ағзадағы заттың артық болуына және оған зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, аллергия, жүрек айнуы немесе асқазан-ішек жолдарының бұзылуы сияқты жанама әсерлерге әкеледі", - дейді дәрігер.
Дәрумендерді тәуліктің кез келген уақытында қабылдауға болады, деді дәрігер. Бірақ оларды сумен ған ішу керек, басқа сусындар бұл мақсатқа жарамайды.
massaget.kz