Сәбилер үйінде «тұзды шахта» бөлмесі ашылды

Онда балалардағы бронх демікпесі, тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларына ем жүргізілетін болады. Сондай-ақ, галотерапия, иммундық жүйені жақсарту, псориаз, аллергиялық дерматит, экзема және тері ауруларын емдейді.

Балалардың жас ерекшеліктері бойынша тұзды шахтада галотерапиялық ем қабылдау уақыттары:
1-2 жас аралығындағы балалар үшін – 10 минут;
2-3 жас аралығындағы балалар үшін – 20 минут;
3 жастан бастап – 30 минут болмақ.
Галотерапияның 1 курсы 10-12 сеансты құрайды. Жылына 3-4 курсқа дейін алуға болады. Тұзды шахтаның сыйымдылығы 12 шаршы метр, яғни бір уақытта 5 балаға дейін ем алуға мүмкіндік бар.
syrboyi.kz