27 ақпан елімізде қандай ауа райы күтіледі?

Қазақстанның барлық аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысында Оңтүстік циклон шұңқырының ықпалымен жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ күтілді. Республика бойынша кей жерлері тұманды болады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде және шығысында желдің күшеюі күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, батысында және орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда – тұман, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, облыстың батысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.