Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес, қорғау нұсқамасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларының бірі болып табылады және оны бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот талқылауы барысында анықталғандай, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, полиция қызметкерімен құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылып, онда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынған.

Алайда, азамат Т. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде келіп, отбасы тұрмыстық қатынастағы адамдарға сыйламаушылық білдіріп, былапыт сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.

Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК-нің 461-бабымен кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі жаза қолданылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
28 ақпан 2022 ж. 563 0