Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотқа дейінгі хаттама дауды реттеді

Сотқа дейінгі хаттама дауды реттеді

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізіліп,  жаңашылдықтар жыл басынан қолданысқа енген болатын. Осы өзгерістер аясында, Азаматтық процестік Кодексінде «Сотқа дейінгі хаттама» түсінігі пайда болды.

Бұл хаттамада екі тарап өздерінің сотқа ұсынатын дәлелдемелерін көрсете отырып, дауды қандай шарттарда келісіммен аяқтауға болатынын ұсынады.

Сотқа дейінгі хаттаманы жасаудың артықшылықтарын талап қоюшы М-ның жауапкер С-дан қарыз ақша өндіру туралы талап қоюы бойынша тараптары пайдаланды.

Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, оларды бітімге шақырып, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.

Нәтижесінде тараптар, дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан. Келісімге сәйкес, талап қоюшы жауапкердің материалдық жағдайын ескере отырып, оның берешек қарызын бөліп төлеуіне мүмкіндік берген.

Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
28 ақпан 2022 ж. 801 0