Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырады

Партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырады

1 Наурызда "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс сьезi өттi, сьезд онлайн ɵттi.Сьезде партияның атын "Аманат" деп атау туралы ұсыныс айтылды, партия мүшелерi саяси ұйымның атын "Аманат" болып ɵзгерту туралы ұсынысқа дауыс берiп, бiрауыздан қолдады.
Партия келешегінің кемел болуы қоғамға пайдалы жаңашылдықтарды ұсынып, жүзеге асыру. Сол себепті, бүгінгі Партия Съезі Партияның құрылымдық және бөлімдік жұмыстарын өзгертуге негізделді. Партия атауының өзгеруімен қатар, партия жұмысы да түбегейлі өзгерді.
Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде
- Әлеуметтік желілер мен қала алаңдарындағы қоғамдық талқылауларды парламент пен мәслихаттарда өткізген жөн. Бұл – аса маңызды міндет. Фракциялар депутаттық сауалдармен шектеліп қалмай, парламенттік және қоғамдық талқылаулар мен ашық пікір-сайыстарға баруға тиіс. Керек болса, үкіметтің нақты мүшелері мен әкімдерге сенім мәселесін көтеру қажет. Барлық деңгейдегі партия депутаттарының рейтингі алдын ала дайындалған есептерге емес, нақты істер мен азаматтардың мәселелерін шешуге негізделуі керек", – деді.
Бұл – құптарлық хабарлама. Себебі осы әрекеттер азаматтардың мүдделерін ілгерілетуді және партияның ашықтығын дамытады. Қазіргі таңда, депутаттардың рейтингі жүргізіледі. Рейтинг аясында депутаттың қызметі, шаралары ашық түрде жарияланады. Ендігі кезекте, депутаттық сауалдардың салмақтылыңы жоғарылайтын болғанына қуаныштымын.

Лаура ИБРАИМОВА,
Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Ибраимова Лаура
04 наурыз 2022 ж. 742 0