«Pfizer» вакцинасын қабылдағандар саны белгілі болды

«Pfizer» екпесін салдырғандардың саны 881035 адамды құраған. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы ақпарат таратты. Вакцинаның алғашқы компонентін алған жасөспірімдер саны 729 658-ді құраса, жүкті әйелдер саны 33 363-ке жеткен.