Қызылордада 28 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасын салдырды
Осы уақытқа дейін аймақта барлығы 28172 адам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Ал екінші компонентімен қамтылғандар саны – 14298 адам.
«Бүгінге дейін аталған вакцина салдырғандар арасында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны басым. Олардың 18,4 пайызы екі компонетін де алып үлгерді. Ол жүкті әйелдер арасында бірінші компонентпен – 7,9, лактация кезеңіндегі әйелдер арасында 7,6 пайызды шамалайды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
kyzylorda-news.kz