Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері 28 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері 28 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 10-12 наурыз күндері аяз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің солтүстік жартысы антициклонның ықпалында қалып отыр, онымен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ауа температурасы өте төмен болады. Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17…28-ге аязға дейін төмендейді.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, оңтүстік циклонның шығуымен жауын-шашын күтіледі, республиканың батыс аймақтарында көбінесе қар жауады, ол боранмен бірге жүреді, оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.
Сондай-ақ фронтальді аймақтың Қазақстан аумағы арқылы өтуімен 15-20 дейінгі жел, 23-28 м/с екпінге дейін күшейеді.

kyzylorda-news.kz
09 наурыз 2022 ж. 258 0