Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Моншадағы тәртіп ережелері

Моншадағы тәртіп ережелері

Біздің елімізде тұрғындар демалыс кезіндегі бос уақыттарын моншада, саунада өткізеді. Алайда өрт туралы мәліметтерде осы құрылыстардағы өрттер туралы хабарламалар жиі пайда болады. Өрттің алдын алу үшін сізге өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салғымыз келеді!
Естеріңізде болсын, моншадағы пеш – бұл өрт қауіпті құрылыс, қауіпсіздік ережелерін бұзу, жануға әкелуі мүмкін. Пештер мен мұржалардың жарамдылығын бақылау өте маңызды. Ағаш немесе басқа да тез тұтанатын заттар пештің ыстық бөліктерінен және түтіндіктерден жеткілікті қашықтықта болуы немесе жақсы оқшауланған болуы тиіс. Күйе мен жану өнімдері, күл мен түтін жолдарында жиналуға бейім болғандықтан, пешті үнемі тазалап, пайда болған ақауларды уақытында жою қажет. Моншадан шыққан кезде барлық отынның жанғанына көз жеткізу керек.
Тағы бір маңызды аспект – бұл электр қауіпсіздігі: моншадағы электр желілері мен жабдықтардың жағдайын бақылау өте маңызды. Моншада электр сымдары ағаш конструкциялардың (қабырғалар, төбелер) үстінен мыс сыммен жасалуы тиіс. Электр сымдарын бөлме ішінде алюминий сыммен монтаждауға болмайды! Пайдаланылған сымның жеткілікті көлденең қимасы болуы керек. Сымдардың оқшаулағыш қасиеті екіден кем болмауы және де бұл сымдар жанбауы тиіс. Сымдар жанғыш құрылымдар арқылы өту кезінде металл құбырға салынуы керек.
         Есіңізде болсын, моншаның өрт қауіпсіздігі толығымен Сіздің қолыңызда! Барлық сақтық шараларын сақтап, жабдыққа дұрыс күтім жасай отырып, Сіз көптеген жылдар бойы өз қолыңызбен салынған моншаның рахатын көресіз.
Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
10 наурыз 2022 ж. 969 0