Газ иісі болса 104 желісіне қоңырау шалыңыз

Бұл ретте: от жақпаңыз, темекі шекпеңіз, электр жарығы мен электр құрылғыларын қоспаңыз және өшірмеңіз, электр қоңырауын қолданбаңыз,өйткені электрқұрылғыны қосқан кезде ұшқын пайда болуы мүмкін.
Газ жабдықтарымен жұмыс істеу кезінде төмендегілер қатаң ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ және ҚАУІПТІ, ал кейбір жағдайларда заңмен жауапқа тартылады:
1. Үйді (пәтер, бақша үйі) рұқсатсыз газдандыру, өз бетінше газ құрылғыларының, баллондардың және ілмекті арматуралардың (шүмектермен клапандар) орнын өзгерту, ауыстыру және жөндеуге болмайды.
2. Газ құрылғылардың құрылымына өзгерістер енгізуге; түтін және желдету жүйелерінің құрылғыларын өзгертуге; желдеткіш каналдарын бітеуге, түтіндіктерді тазартуға арналған «қалталар» мен люктерді бітеуге және жауып тастауға;
3.Егер газдандырылған пештер мен мұржаларда қалау, сылақ (жарықтар пайда болса) тығыздығының бұзылуы болса, газды қолдануға болмайды. Мұржаларда және су жылытқыштардағы түтін шығаратын құбырларда өз бетінше қосымша жапқыштарды орнатуға рұқсат жоқ.
4.Газ құрылғыларын мұржалар мен желдеткіш каналдарында, ванна бөлмелері есіктеріндегі саңылауларында тартым болмаған жағдайда қолдануға болмайды.
5. Жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға (үздіксіз жұмыс істеуге арналған және осыған сәйкес автоматикасы бар құрылғылардан басқа).
6. Газ және газ құрылғыларын басқа мақсаттарға қолдануға болмайды. Газ плитасын үй-жайды жылыту үшін пайдалануға болмайды.
Жану өнімдерінде газ толық емес жанғанда, адам ағзасына улы әсер ететін иіс газы пайда болады!
Газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзсаңыз, сіз өзіңізге ғана емес, басқаларға да қауіп төндіресіз.
Газ қондырғылары немесе жылыту пештері орнатылған бөлмелерді түнгі уақытта ашық терезелерсіз немесе терезелердің жел көздерінсіз қалдырмаңыз, газ қондырғысы орнатылған бөлмелерде ұйықтауға және демалуға болмайды!
Мұқият болыңыз және өзіңіз және отбасыңыз үшін қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыз.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ әкімшілігі