Қызылорда облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары мен Қармақшы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шара барысында Тұрмағанбет ауылының тұсында Нива автокөлігі тоқтатылып, тексерілген.
Тексеру барысында көлік иелерінен 23,6 келі жылан балық, 5 келі ақамур, 39 келі сазан, 4 келі көксерке, 4 келі жайын балығы және резеңкелі қайық пен өзге де заттар алынды.
Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
kyzylorda-news.kz