Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәрім Мәсімов ісі бойынша деректер жарияланды (ФОТО)

Кәрім Мәсімов ісі бойынша деректер жарияланды (ФОТО)

Мәсімов ҰҚК Төрағасы лауазымында 2 млн. АҚШ доллары сомасында пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Қаражатты Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтару қамтамасыз етілді.
Премьер-Министр лауазымында бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 млрд. теңге элиталық тұрғын үй мен жер телімін алған.
Одан бөлек, отандық бизнес қауымдастықтары мен шетелдік субъект өкілдерінен жылжымайтын мүлік, қымбат сыйлықтар, көлемді мөлшерде ақшалай қаражат алу фактілері тіркелген.
2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйде 17,2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, құнды заттар – элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат, бизнес санаттағы 11 қымбат автомашина алынған.
Мүліктеріне Нұр-Сұлтан қаласындағы екі элиталық пәтер, Алматы қаласындағы 2 пәтер мен дербес сарай, Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер теліміне тыйым салынды.
Мәсімовпен жақын байланысы бар адамдардан 5,1 млн. АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды.



kyzylorda-news.kz
11 наурыз 2022 ж. 604 0