Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қандай жаза беріледі?

ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қандай жаза беріледі?

Депутат сауалына ҚР Бас Прокуроры Берік Асылов жауап берді.
«ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов және оның үш орынбасары, екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатыр. Атап айтсақ, мемлекетке опасыздық, билікті күшпен басып алу, билікті асыра пайдалану, пара алу іс бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұрынғы төраға мен орынбасарлары қазір қамауда. Олардың ісіне құқықтық бағаны сот береді. Алдын ала айтсақ, аталған қылмыстарға 17 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған. Тергеу әлі жалғасады», – деді Бас Прокурор.

kyzylorda-news.kz​​​
14 наурыз 2022 ж. 475 0