Үш айдан кейін қант тапшылығы болатыны рас па?
Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Қазіргі уақытта Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облысында және Алматыда ӘМАТ-қа бағаларды арттыру бойынша бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар белгілері бойынша бұрын бастамашылық жасалған 7 тергеп-тексеру бойынша жұмыс жалғасуда, - деді ол.
Қазанбаев атап өткендей, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі, сондай-ақ оларды іске асыру кезінде ӘМАТ-қа сауда үстемесін 15-тен 10% - ға дейін төмендету бөлігінде жасалды.
Тиісті шаралар қабылдай отырып, баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы күшейтілді. Жоғарыда айтылғандай, 3 айлық қант қоры болуы туралы ақпарат халықтың қантты жаппай сатып алуының белгілі бір триггері немесе факторы болды, - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына тапшылық жоқ.
Бұл ретте шикі қанттан қант өндіру және оның импорты жалғасуда. Елдегі қорлар үнемі толықтырылып отырады. Яғни, үш айдан кейін қорлар таусылып, қант тапшылығы болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - деді ол.
baq.kz