Ғалымдар: кеңседе жұмыс істейтіндер ажырасуға бейім келеді

Журналда аталып өткендей, социологтар қарастырған уақыт аралығында жүз мыңдай жұп ажырасыпты.
Көбінесе, жұмыс бабы бойынша ерлер арасында істейтін әйелдер немесе әйелдер арасында істейтін ерлер ажырасуға бейім келетін болып шықты. Дәлірек айтқанда әйелдер қауымы арасында қызмет ететін ер адамдар 15 пайызға жиірек отбасын тастап кеткен.
Ал әйелдерге қатысты мамандар келесі қорытынды жасады: кеңседе жұмыс істейтін әйелдер 10 пайызға жиірек ажырасатын көрінеді.
Зерттеулер бойынша, жоғары білімі бар, қызмет көрсету саласында еңбек ететін адамдар ажырасуға бейім келеді.
Ал шаңырағы шайқалмаған мамандар арасында – кітапханашылар мен фермерлер көш бастайды.
sputniknews.kz