Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау жүйесіндегі жаңалық сенімді арттырады

Сайлау жүйесіндегі жаңалық сенімді арттырады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Жолдауында да өзекті мәселелерді атап өтті.
Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында алдағы міндеттер мен тапсырмалар да айқын көрсеткен Мемлекет басшысы "15 жыл бұрын конституциялық реформа аясында Мәжіліс депутаттарын пропорционалды тәсілмен сайлауға көштік. Ал 2018 жылдан бастап мәслихат депутаттарын да осы үлгімен сайлайтын болдық" дей келе, саяси партияларда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайтын болғанын, соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендегенін ашық айтты. Көпшіліктің көкейіндегі мәселені дөп басып осындай жағымсыз жайттарды ескеріп, аралас сайлау жүйесін ұсынған ел Президенті "Пропорционалды-мажоритарлы үлгіде сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табады. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатын болады" деді.
Берілген тапсырма өте орынды. Көрегенділікпен қабылданған шешім халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, Жаңа Қазақстанды құру жолында жұртшылықтың қоғамға деген көзқарасын түбегейлі өзгертетіні анық.

Базарбай ТӨРАХМЕТОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы
17 наурыз 2022 ж. 529 0