Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаттарына куәліктер мен белгілер тапсырылды

Мәжіліс депутаттарына куәліктер мен белгілер тапсырылды

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Заңнамаға сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент дептутаты ретінде тіркеген сәттен басталады. Сайланған депутаттарды тіркеу үшін заңнамамен көзделген барлық негіз бар. Осыған орай күн тәртібіне 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы мәселе шығарылды», – деді отырысты ашқан ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев.
Осыдан кейін ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1-бабының 5-тармағына сәйкес, депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігі саяси партияның басшы органы сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей айқындайтынын айтты.
«Ақ жол», «Nur Otan» және Қазақстанның халық партиясы саяси партияларының тиісті құжаттары осы жылдың 12 және 13 қаңтарында ҚР ОСК-ге ұсынылды. Сонымен қатар сайлау заңнамасы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық комиссиясы ОСК-ге Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау хаттамасын ұсынды. Конституциялық заңның 98-бабына сәйкес, ОСК сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркейді. Сайлау туралы заңның 45-бабында ОСК сайланған Парламент депутаттарын 7 күн мерзім ішінде олардан Конституцияға және республика заңдарына сәйкес, Парламент депутаттарының мәртебесімен сай келмейтін өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініштерін алғаннан кейін тіркейді деп белгіленген. Аталған өтініштер алынды. Сайлау заңнамасында ОСК әрбір депутатқа өзі белгілеген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсыратыны көөзделген», – деді ол.
Осыдан кейін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қаулы жобасына бірауыздан дауыс беріп, ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев жаңа сайланған Мәжіліс депутаттарына куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсырды.
inform.kz
14 қаңтар 2021 ж. 382 0