18 наурызға арналған ауа райы болжамы
Оңтүстіктің таулы аудандарында жаңбыр, қар жауады. Республиканың тек солтүстігінде ашық күн райы қалыптасады. Ел бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстікте сондай-ақ найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде – тұман, орталығында 15-20 м/с жылдамдықта жел болады. Түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
kyzylorda-news.kz