Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа облыстар қашан құрылады?

Жаңа облыстар қашан құрылады?

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа облыстарды құру туралы құжаттар қай кезде рәсімделетінін айтты.

«Президент нақты тапсырма берді, бірінші жартыжылдық аяқталғанша жасау керек. Қазір ұйымдастару шаралары басталып кетті. Іс-қимыл алгоритмі де бар. Қайта құрылатын облыстардың өкілдері ұлттық экономика министрлігіне келді. Дәл қазір біз бірлесіп аумақтық бөлу мәселесін талқылап жатырмыз», – деді Қуантыров журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, ең соңында президенттің арнайы қаулысы әзірленеді. Осылайша, маусым айы аяқталғанға дейін барлық ұйымдастырушылық жұмыс аяқталады деген жоспар бар.
«Демек, жаңа облыстар жартыжылдықтың соңында құрыла ма?», – деп сұрады журналистер.«Иә, солай деп айтуға болады. Қаулының жобалары дайын болады. Кейін президент шешімі қабылданады», – деп атап көрсетті Қуантыров.
Еске сала кетсек, 16 наурызда жолдау барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жаңа облыс құрылатынын айтты. Семей аймағында Абай облысы, бұрынғы Жезқазған облысының аймағында Ұлытау облысы құрылады. Сондай-ақ Алматы облысының қазіргі территориясы екіге бөлініп, екі облыс болмақ.

kyzylorda-news.kz
18 наурыз 2022 ж. 424 0