Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 426 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Қызылордада 426 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті 426 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда 452 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған. Бұл – облыс тұрғындарының 60 пайызы. Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 427 004 адам (94,3%) салдырды. Ал II компонентті 419 561 адам (92,7%) адам алған.

«Вакцина салдырғандардың басым көпшілігі – облыс орталығының тұрғындары. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш – Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі. Кәсіп түрлері бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ», – деп мәлімделі облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

kyzylorda-news.kz
20 наурыз 2022 ж. 256 0