Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы өсе ме

2023 жылы дәрігерлердің жалақысы өсе ме

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру көзделген. 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыға қарағанда 2,5 есеге дейін (561 мың теңгеге дейін) көтеру жоспарлануда», деп жазды Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында.

Ол 2021 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес біліктілік санаты жойылғанын еске салды.

«Бұл ретте, өтпелі ережелер шеңберінде біліктілік санаттарын беру туралы қолданыстағы куәліктер бойынша қосымша ақыларды жүзеге асыру жалғасатын болады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 10 және 107-баптарына сәйкес жұмыскерге жалақы жұмыс берушіде қолданылатын, еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және жұмыс берушінің актілерінде айқындалған еңбекке ақы төлеу жүйелеріне сәйкес еңбек шартында белгіленеді және жұмыскерлердің мүдделілігін арттыруды күшейту үшін сыйлықақы беру жүйелері және еңбекті ынталандырудың нашарлай алмайтын басқа да нысандары енгізілуі мүмкін белгіленген шарттармен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын нормаларды қарастыру керек», деп түйіндеді Премьер-Министрдің орынбасары.
24 наурыз 2022 ж. 521 0