Қызылордада туберкулезге шалдығу көрсеткіші төмендеді
![](/uploads/posts/2022-03/medium/1648122202_twberkwlez.jpg)
«Облыста туберкулезге шалдығу фактісі бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасқан. Өткен жылы аурушаңдық көрсеткіші 48,5-тен 46,2-ге пайызға төмендеп, туберкулезге шалдығу қарқыны 4,9 пайызды құрады. Сондай-ақ, аталмыш аурудан өлім-жітім көрсеткіші 4,8 есеге төмендеді. Бұл дертті ерте анықтау мақсатында ДДСҰ ұсынған бактериологиялық және молекулярлық-генетикалық диагностикалаудың жеделдетілген әдістері енгізілді. Қазіргі таңда арнайы құрал-жабдықтар облыстық фтизиопульмонология орталығы мен аудандық деңгейдегі зертханаларда қамтылған», – деді Айгүл Алтекешева.
Айта кетейік, биыл Дүниежүзілік туберкулезге қарсы ұран: «Туберкулезге қарсы күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз!» деген атаумен өтеді.
kyzylorda-news.kz