Ауа райы: Қызылордада күн бұлтты
1 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында солтүстік-батыстан жылжыған циклон әлі де өз әсерін тигізеді. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте – жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.
Қызылорда облысында күн бұлтты, ауа температурасы +17+19 градусты көрсетеді, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
kyzylorda-news.kz