Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оразада қалай дұрыс тамақтанған жөн?

Оразада қалай дұрыс тамақтанған жөн?

Оразада дұрыс тамақтанудың, пайдалы тағамдарды жеудің маңызы зор. Ал одан бұрын маңыздысы тамақты дұрыс ішу, яғни, талғап жеудің де маңызы ерекше. Ендеше осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.

Медицина ғылымының атасы Әбу Ибн Синаның адам денсаулығы мен өмір сүру дағдысына қатысты негізгі 5 қағиданы ұстанған екен. Соның бірі – дұрыс тамақтану қағидасы. «Астың ең жаманы – асқазанға тығындау, салмақ түсіру. Медицина ілімін екі сөзге түйдім. Тамақ жегенде, аз же! Шипа оның қорытылуында, яғни, қорыта алатын мөлшерде же. Жанға және асқазанға ең ауыр әрі қатты шаршататын нәрсе – тамақ үстіне тамақ жеу. Жеңіл тағам денсаулықты ұзақ сақтайды, бірақ әл бермейді. Ал ауыр тамақ керісінше» деп түсіндіреді медицина ұстазы.

Сонымен, бұдан біздің ұққанымыз – барынша жеңіл тамақ жеу және асқазанды ауыз-мұрнына шығарып толтырудың қашу.
Диетологтардың айтуынша, ұзақ ашыққан адам ауыз ашарда алдымен асқанды «іске қосуы» тиіс. Яғни, алдымен 1-2 стақан су ішеміз де, асқазанның моторикасын қосамыз. Содан кейінгі тағы бір маңызды қадам – бірден ауыр тамаққа бас қоймау. Алдымен, жеміс-жидек, жеңіл салат, көкөніс жеген жөн. Бірден майлы, ауыр тамақ желінсе, асқазанға ауырлық етеді де, денсаулыққа пайдалы оразаның кері зияны тиіп кетуі мүмкін.

Сонымен, келесі тағамдардан бойды аулақ етеміз:
– Фабрикат және жартылай фабрикат өнімдерден (тез дайындалатын ас)
– Өңделген, ультраөңделген тағамдардан (шұжық, чипс, фаст-фуд, дәмі тым өзгертілген тағамдар)
– Қуырылған тағамнан
– Кофейн қосылған сусыннан
– Нан өнімдерін (глютені көп тағамдарға жатады)
Мұның орнына диетологтар қайнатылған, буға пісірілген, асылған тағамдарды жеуді ұсынады. Әсіресе, ақуызы мол тағамдарға назар аударған жөн. Ақуызы жеңіл тағамдарға жаңғақ пен бұршақ, жасымық жатады. Бұлар етке қарағанда жеңілірек.

bugin.kz
01 сәуір 2022 ж. 804 0