Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған 2022 жылғы 31 наурыздағы тиісті қаулы үкімет басшысының сайтында жарияланды.
«Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі: «24 маусым – Судья және сот қызметкері күнімен» толықтырылды. Ол жыл сайын республикада 24 маусымда атап өтіледі», деп жазылған құжатта.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.