Қызылордада мал бағуға шыққан адам бірнеше күннен кейін табылды

Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар департаментіне мал бағуға шығып, қайта оралмаған азамат жөнінде хабар келіп түсті.
«Осыған байланысты жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздеуге шықты. Оған екі іздестіру иті пайдаланылды. Мамандар «УАЗ-3909» автокөлігімен Қызылшың аумағында іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушылар «ҚуатАмлонМұнай» АҚ кенішіне қарай 20 шақырым жерден 1967 жылғы малшыны аман-есен тапты.
Оны қожалық иесі мен полиция қызметкерлеріне тапсырды. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен қожалық иесі бірге атсалысты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.