Далалық оқу-жаттығу жиыны басталды

̶ Оқу-жаттығу жиынының жастарға берер тағылымы мол. Жыл сайын ұйымдастырылатын шара ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, ел үшін аянбай қызмет етуге баулиды. Әскери есепке тұру кітапшасын алу ̶ Отан алдындағы әскери борыштың алғашқы баспалдағы. Бұл деген үлкен өмірге жолдама. Келешекте егемен еліміздің қауіпсіздігі мен тұтастығы жолында еңбек ететіндеріңізге сенемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін! ̶ деді ол.
Бұл жиын жыл сайын сәуір айында «ҚР-ның жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, қалалық әскери-техникалық мектеп базасында өтеді. Биылғы далалық оқу-жаттығуға 10 мектеп пен 1 колледж оқушылары қатысты. Олар бұл жиыннан мол сабақ алып, мамандық таңдау маңызды іс екенін ұғынды. Шара соңында Қызылорда қалалық қорғаныс істері басқармасы «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Қайраддин Баймахановқа құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.
Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік, іргесін берік, бірлігін бекем ету ̶ ер азаматтардың борышы. Жалындаған жас қырандардың қалың легі тұрғанда елді дау, жерді жау алмайды.
Аружан ЕРАЛЫ,