Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбынға» қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбынға» қатысты

Бүгін Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында жастар жылының аясында бесінші республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жиынның салтанатты рәсімін  ҚР Президенті, Қарулы күштердің бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты.
«Қадірлі достар!, жас патриоттар! Бүгін сіздер үшін ерекше күн.Отанымызға адал, жауынгершілігі жоғары, қайратты және қайсар жастарымыздың басын қосқан бүл жиынның мән маңызы айрықша. Біз тәуелсіз еліміздің айбынды жастарына әрқашан зор үміт артамыз, сенеміз. Қазақстанның әрбір жетістігі өздеріңіз секілді  жас өрендердің алаңсыз, жарқын келешегі үшін жасалған қадам. Осы күні елімізге әлем қауымдастығы зор құрметпен қарайды. Мемлекетіміз қарқынды дамып келеді. Мұның бәрі тарихи тұрғыдан алғанда қысқа мерзімде атқарылған табанды еңбектің жемісі. Еліміздің жетістігі мен абыройын арттыру сіздердің отан алдындағы қастерлі борыштарыңыз. Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін дәл осындай бірегей алаң»,  - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Мемлекет басшысы сөз сөйлегеннен кейін «Айбын» туы көтерілді. Туды көтерудің ерекше құқығы «Қайсар» әскери-патриоттық клубының капитаны, «Айбын-2018» гран-при иегері Асхат Мақышевқа берілді. 
Одан кейін «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, аға лейтенат Мейірбек Мендіғалиев жиынның қатысушыларымен бірге жарыстарды әділ өткіз туралы ант берді. 
Салтанатты ашылу рәсімі барысында құрлық әскерлері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, әуе қорғанысы күштері құрамы қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндіктерін көрсетті (артиллериядан, танкіден, армиялық авиация тікұшақтарынан және заманауи көп функционалды СУ-30 СМ жойғыштары). 
Бесінші әскери-патриоттық жастар жиыны 22 маусымға дейін жалғсады. Жарыстардың қорытындысы бойынша үздік командалар мен айрықша көзге түскен қатысушылар марапатталады.
19 маусым 2019 ж. 811 0